Жарылғыш зат жайлы жалған ақпарат таратқан ШҚО тұрғыны жауапқа тартылды
Рождество мерекесі қарсаңында Глубокое ауданының полиция бөлімінің 102 каналына 56 жастағы ер адам хабарласып, оның танысы Өскемендегі су электр станциясын "миналап" тастағанын айтқан
Дереу полиция қызметкерлері мен тиісті органдардың өкілі оқиға орнына барып, су электр станциясының аумағын тексерді. Алайда хабарлама жалған болып шықты, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Мамандар жарылғыш затты тапқан жоқ.
Соттың үкімі заңды күшіне енді.
Следующая →
Мамандар жарылғыш затты тапқан жоқ.
- Сотқа дейінгі тергеу барысында екі адамның алкогольдік ішімдік ішкені анықталған. Содан кейін олардың арасында ауызша жанжал туындайды. Ал ерлердің біреуі қылмыс жасамақ ниетте болған. Мас ер адам өз жоспарын жүзеге асыра отырып, іс-әрекеттің толық жауапкершілігін сезінбестен, арты не боларын ойламастан құқық қорғау органдарына жалған ақпаратпен хабарласқан, - деді ШҚО ДП басшысы Сағат Мәдиев.Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, 16 наурызда Глубокое аудандық соты 55 жастағы ер адамды ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабы бойынша қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп тапты. Ол екі жыл алты ай мерзімге бас бостандығын шектеуге сотталды.
Соттың үкімі заңды күшіне енді.