ШҚО полициялары ұрланған көлікті 30 минут ішінде тапты
Оқиға қараша айының басында Жаңа Бұқтырмада орын алған. Бірақ ұрлық фактісіне қатысты ақпаратты полиция қызметкерлері бүгін ғана мәлімдеді
Жеке фирмалардың бірінің 46 жастағы жүргізушісі полицияға хабарласып, белгісіз біреудің қызметтік "Нива" көлігін айдап кеткенін айтқан.
Шақырту бойынша жеткен тәртіп сақшылары куәгерлердің барлығынан түсінік алып, "Жолын кесу" операциясына кіріскен. 30 минут ішінде ұрланған көлік иесіне қайтарылды.
Следующая →
Шақырту бойынша жеткен тәртіп сақшылары куәгерлердің барлығынан түсінік алып, "Жолын кесу" операциясына кіріскен. 30 минут ішінде ұрланған көлік иесіне қайтарылды.
- Жедел шаралар барысында полиция қызметкерлері көлікті 9 қараша күні түнгі үштер шамасында 23 жастағы Октябрь кентінің тұрғыны айдап керкенін анықтады, - деп мәлімдеді ШҚО ПД баспасөз қызметі. - Күдікті бұрын осындай ісі үшін істі болған екен. ҚР ҚК 200-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.