Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Оқиғалар Оқиғалар Татьяна Золотарева
Ақпарат көзі:
Устинка

Өскемен тұрғыны ғашығы үшін гүл ұрлады

Романтик азамат ұнатқан адамын ғана емес, нәзік жанды қала тұрғындарын да ұрланған гүл сыйлап қуантпақ болған

Достарымен көңіл көтеріп жүрген жігіт ішімдік алу үшін кірген дәмханада бір қызбен танысады. Бикешке ғашық қылған соң, оған тосын сый жасағысы келген ер адам сол дәмханаға жақын орналасқан гүл дүкеніне кіреді. Сатушының жоқ екенін көрген соң, көп ойланып жатпай-ақ таңдаған гүлдерін "рұқсатсыз" алып кеткен. Дәмханаға оралған ұрлықшы гүлдердің бір бумасын танысқан қызға сыйлап, қалғандарын сол жердегі адамдарға сатқан. Мекеме қызметкерлері орын алған жайды 102 каналына хабарлап айтқан.

- Шығынға ұшыраған дүкен иесі, ұрлық болған кезде көрші бөлмеде болған және ештеңе естімеген. Түсініктеме кезінде 15 тал алқызыл, 15 тал қызыл раушан гүлдерін, одан бөлек құмырада өсетін орхидея, антуриум, спатифиллиум, фиалка, гусмания гүлдерін, 17 бос құмыра, 4 пакет тыңайтқыш ұрланған, - дейді қалалық Полиция басқармасында.

ҚК "Ұрлықтың" 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Следующая →