Өскемен қаласындағы Виноградов көшесіндегі қоқыс контейнерінен адам денесі табылды
ШҚО Полиция департаментінің мәлімдеуінше, екі күдікті азамат қылмыстарын мойындап, уақытша қамау изоляторына тоғытылды
Қылмыс 7 қазан күні Виноградов, 6 мекенжайында орын алған.
Қазіргі уақытта 30 және 35 жастағы күдіктілер уақытша қамау изоляторына тоғытылып, ҚР ҚК 99-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып кетті.
Следующая →
- Оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары ізін суытпай күдіктілерді анықтап, тұтқындады, - дейді ШҚО Полиция департаментінің басшысы Сағат Мәдиев. - Екі ер адам ортақ таныс келіншекпен бірге ішімдік ішіп отырған. Кенет сөзге келіспей қалған. Азаматтардың бірі марқұмды қылқындырмақ болған, ал әйел есінен танып қалады. Оны өлтіріп алдық деп қорыққан екеі мәйіттің көзін құртпақ болып төртінші қабаттың терезесінен лақтырып жіберген. Кейін мәйітті қоқыс контейнерінің ішіне салған. Қолға түскен күдіктілер қылмыстарын мойындады.
Қазіргі уақытта 30 және 35 жастағы күдіктілер уақытша қамау изоляторына тоғытылып, ҚР ҚК 99-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып кетті.