Қазақстандағы бір қала карантинге жабылды
СҚО-дағы М. Жұмабаев ауданының әкімшілік орталығы болып табылатын Булаев қаласы қатаң карантинге жабылды
Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев атындағы ауданның бас мемлекеттік санитар дәрігері Булаев қаласын қатаң карантинге жапты. Қаулы бүгін, тоғызыншы қазан күні түнгі сағат 00:00-ден бастап күшіне енді, деп жазды qazaqstan.tv.
Аймақтық басылымның хабарлауынша, қаулы аймақта коррнавирус инфекциясының таралуын болдырмау үшін қабылданған. Сондықтан, Булаев қаласы, Жұмабаев атындағы аудан мен Петропавл қаласының арасындағы жолаушылар тасымалы түгел тоқтайды, тіршілікке қажетті тауар тасымалдайтын көліктерден басқа, барлық көлік түрінің кіріп-шығуына болмайды.
Следующая →

- Көршілердің, таныстардың, туыстардың, әріптестердің қонаққа келуіне болмайды. Кәмелет жасына толмағандар кешкі сағат 19.00-ден кейін жалғыз жүре алмайды, ал, 65 жастан асқан адамдардар мүлде далаға шықпасын, - деп жазған аудандық бас мемлекеттік санитар дәрігер өз қаулысына.
Тақырыптар:
Коронавирус в Казахстане Строгий карантин Город закрыли на карантин Ограничительные меры в Казахстане