Зырян ауданының тұрғыныны көкнәр өсіргені үшін шартты мерзімге сотталды
Жедел- алдын алу шаралары кезінде полиция қызметкерлері оның жер телімінде 262 бұта апиын гүлін тапқан
Фото:
muzikant.35photo.ru
Зырян ауданының тұрғыны маусым айында апиын көкнәрінің тұқымын отырғызып оны өсірумен айналыса бастаған.
Бұл кәсібінің заңға қайшы екендігі азаматты толғандырмаған сыңайлы. Полиция қызметкерлері 262 бұта апиын гүлін тапқан, мамандар аталмыш өсімдік есірткіге жататындығын анықтады.
Зырян ауданының соты гүл өсірген азаматты заңда тыйым салынған өсімдікті отырғызып, өсіргені үшін кінәлі деп есептеп, оны үш жылға шартты мерзімге соттады.
Автор:Айым Касембаева