Глубокое ауданының О.Бөкей атындағы білім ордасына оқушылар жете алмай әлек
Аталмыш білім ордасына бірде-бір автобус жүрмейтіндіктен оқушылар сабаққа жаяу барады
Фото:
mostizis.ru
Оралхан Бөкей атындағы жаңа салынған мектеп қаладан алыс орналасқандықтан оқушыларға қиын. Оған себеп, мемлекеттік қызмет көрсетудің жаңа стандарттары көрінеді. Бұрын үш немесе одан көп километірдегі оқушыларға автобус баратын болса, қазіргі жаңа заң бойынша тек, жақын ауылдарға ғана баруға болады екен.
Жергілікті тасымалдаушы А.Кортаевтың айтуы бойынша оқушыларды уақытылы жеткізу үшін екі автобус жеткіліксіз, үшінші автобус керек. Алайда, қосымша автобус қосымша қаражатты талап етеді, яғни, билет құны 50 теңгеден 70 теңгеге дейін көтерілуі мүмкін.
Сонымен қатар, оқушылардың жол ақысы тегін болса деген ұсыныс та қарастырылуда, ондай жағдайда қаражат бюджеттен алынады. Алайда ол қаражатты ендігі жылдың бюджетіне енгізу керек. Осының барлығын қысқа мерзімде шешу керек, өйткені 13 қарашада балалар демалыстан шығады.
Авторы : Айым Касембаева