Өскемен
пасмурно
+8°
  • Өскемен
    +8°
  • Алматы
    +14°
  • Астана
    +7°
  • Ақтөбе
    +14°
  • Актау
    +17°
  • Орал
    +16°
  • Қарағанды
    +7°
  • Көкшетау
    +4°
  • Қостанай
    +6°
  • Қызылорда
    +20°
  • Павлодар
    +5°
  • Петропавловск
    +2°
  • Тараз
    +14°
  • Туркестан
    +11°
  • Шымкент
    +15°
$
447.15
+1.01
485.74
+0.87
¥
61.83
+0.15
4.8
-0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Оқиғалар Оқиғалар
Ирина Николенко
Ирина Николенко
Ақпарат көзі:
Устинка

Әскери қызметкер өз әріптесіне марихуана сатқан

Семей гарнизонының әскери соты есірткі затын сақтау және өткізу фактісі бойынша қылмыстық істі қарады

Сот анықтағандай, ағымдағы жылдың 10 тамызында әскери қызметкерлердің бірі біреуден бір стақан кептірілген марихуананы 6000 теңгеге сатып алған. Оны өз пәтерінде 10 бөлікке бөліп, қағаз түйіншекке орап қойған. Үш күннен кейін түйіншектердің бірін өз әріптесіне 7500 теңгеге сатқан.

Бірақ заңсыз әрекет жауапсыз қалмады. Әскери тергеу басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шарасын өткізіп, әскери қызметкердің үйінде тінту жүргізген. Пәтерден 2,51 грамм "марихуана" есірткі заты табылды.

- 54 әскери бөлімінің әскери қызметкері ҚР ҚК 297-бабы 1-бөлігі және 296-бабы 2-бөлігі бойынша (есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, оларды жөнелту не өткізу) қылмыстық құқықбұзушылық жасаған, - деп мәлімдеді Семей гарнизонынынң әскери сотының баспасөз қызметі.

Әскери қызметкер айыпты деп танылып, 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру туралы жаза тағайындалды. Дүние-мүлкі тәркіленбейді, жазасын қауіпсіздігі орташа қылмыстық-атқару жүйесіндегі мекемеде өтейді. Қаулы әлі заңды күшіне енген жоқ.


Следующая →