Семейдегі саяжайда көршісінің үйіне ұрлыққа түскен
Семейлік азаматшаның саяжайдағы үйінен картоп, сарымсақ, еттің пісірім бөлігі ұрланған
Азық-түліктің жоғалғанын байқаған азаматша бірден Полицияның кезекшілік бөліміне хабарласты, деп хабарлайды Устинка LIVE.
Оқиға орнына жеткен жедел топ қылмыскер саяжайдағы үйге ашық есіктен кіріп, кіре берістегі 20 келі картоп, сарымсақ және 4 келі сиыр етін алып кеткенін анықтады.
Қылмыскерді іздеу шаралары ұзаққа созылмады. Азық-түлікті ұрлаған азаматшаның бұрын сотты болған көршісі екен. Қылмыскердің үйінен барлық ұрланған заттар табылды.
- Ер адам Орталық полиция бөліміне жеткізілді. Аталмыш іс бойынша ҚР ҚК 118 бабының 2 бөлімі бойынша соталды тергеу амалдары басталды, - деп хабарлады ШҚО ЖП баспасөз қызметінде.