Өскеменде үй иесі жоқ кезде саяжайы өртенген
Оқиға бүгін түнде орын алған. Қуанышқа орай, ешкім зардап шеккен жоқ
«101» каналына өрттің орын алғаны туралы көршілер хабарлаған, деп хабарлайды Устинка LIVE.
Өрт сөндірушілер «Иртыш-2» саяжай серіктестігіне жеткен кезде, өрт екі тонна көмірі бар қойманы, жазғы ас үйді және Тайота Прада қойылған гаражды жалмап үлгерді.
- Өрттің жалпы аумағы 100 шаршы метрді құрады. Өрт сөндірушілер үй-жайдан екі газ баллонын шығарды. Өртті сөндіру үшін 5 бірлік техника мен жеке құрамның 21 адамы жұмылдырылды, - деп хабарлады Өскемен қаласы ТЖБ.
Қазіргі уақытта өрттің шығу себептері анықталуда.