Белгісіз біреулер букмекерлік конторға шабуыл жасаған
2 қыркүйек күні таңғы сағат бестер шамасында Қабанбай батыр көшесінде орналасқан букмекерлік конторға ұры түскен
Өскемен қаласындағы Полиция басқармасының оперативтік тобына хабарласқан 38 жастағы кассир белгісіз екі азаматтың конторға басып кіріп шабуыл жасағанын айтқан.
Оқиға орнына қалалық Полиция басқармасының шұғыл тергеу тобы дереу шыққан.
- Полиция қызметкерлері 04.30-да букмекерлік конторға маска киген екі белгісіз азамат кіріп, тапаншаға ұқсас затпен қоқан-лоқы көрсеткен. Осылайша кассадағы 484 500 теңгені қалталарына басып, тайып тұрған, - деп мәлімдеді облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Басқарма мамандары күдіктінің әлі қолға түспегенін айтты.