Өскемен қаласында екі күн ішінде екі зергерлік бұйымдар дүкенін тонап кеткен
25-30 жастағы ер адам дүкен сатушыларынан алтын бұйымдарды көрсетуді сұрап, сатушының көзі тайғанда жымқырып тайып тұрған
Полиция қызметкерлерінің айтуынша, екі жағдай бойынша да бір жігіт күдікке ілінді.
Өскемен қалалық Полиция басқармасының басшысы Даур Ибраев айтқандай, қазір күдіктіні қолға түсіру үшін шұғыл іздеу шаралары жүріп жатыр.
- Қаладағы барлық зергерлік бұйымдар сататын дүкендер мен ломбард қызметкерлеріне аса абай болуды ескертеміз. Сатып алушыға ұсынған тауарды назардан тыс қалдыруға боламды, - деді басқарма басшысы.
Зергерлік дүкен қызмекерлері дүкеннің әлеуметтік желідегі парақшасына ұрлық орын алған сәт бейнеленген видеожазбаны жариялады. Оны танығандар күдіктінің аты-жөні мен ол туралы деректер ұсынып жатыр.
Дүкеннің парақшасында жарияланған ақпаратқа сүйенсек, күдікті бұған дейін әскери қызметте болған. Қызметте офицерлік шенге дейін көтеріліп, жақсы қырынан танылған көрінеді. Алайда кейінгі уақытта ойынқұмарлыққа салынып, қызметінен де айырылған. Әлеуметтік желіде пікір білдіріп жатқандар
Енді тәртіп сақшылары оның қайда жүргенін білетіндер болса, 102 нөміріне хабарлауды сұрайды.