Қазақстан әкімдіктерінде жаңа лауазым пайда болды
Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығы саяси және әкімшілік мемлекеттік қызметшілер лауазымдарының тізілімінің жаңа есебімен толықтырылды
Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік қызметшілердің бекітілген тізіліміне толықтырулар енгізу туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.
Енді республикалық маңызы бар қалалар мен астананың, облыс әкімдерінің әскери қауіпсіздік және қорғаныс мәселелері бойынша көмекшісі болады.
Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.