Страсбургте атыс шығарған мергеннің көзі жойылды
Страсбург полициясы қаладағы рождестволық жәрмеңкеде атыс ұйымдастырған ер адамның тұтқындалғанын мәлімдеді
Страсбург террорлық акт ұйымдастырған Шариф Шекатті тәртіп сақшылары атып түсірген. Деп хабарлайды РОСБАЛТ.
Полиция мәлімдегендей, ол пышақ және тапаншамен қаруланған.
Тәртіп сақшылары қашып жүрген лаңкесті үш тәулік бойы іздеген. Тіпті, қылмыскер Франциядан шығып кетуі мүмкін деген де болжам болды. Бірақ ол қаладан да шықпаған көрінеді.
Полиция берген ақпараттарға сүйенсек, Шекатт бұған дейін де қарумен шабуыл жасағаны үшін істі болған және түрмеде радикал ислам дінін насихаттаған.
11 желтоқсан күні болған атыс кезінде 4 адам көз жұмып, 12 адам жараланды.