Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Оқиғалар Оқиғалар Виктор Скрипниченко
Ақпарат көзі:
Устинка

Өскеменде косметика бөлімін тонап кеткен

Ұрының ісі туралы ақпарат Өскемен қаласының №2 сотының материалдарында жарияланған

43 жастағы өскемендікті екі жарым жылға бас бостандығынан айыру – өте жеңіл жаза. Осыған дейін ұрлық үшін бірнеше рет сотталған ер адам заңның үстемдігін ешбір мойындағысы келмей, тағы да қылмысқа барды. Бір айта кететіні, оған соңғы үкімнің шыққанына бірнеше күн ғана болған, деп хабарлайды Устинка LIVE.

Әрбір затты қолды қылатын қылмыскер ЖМК ауданындағы "Достық" базары маңынан өтіп бара жатып, танымал косметикалық компания логотипті косметикалық бөлімді көріп қалады. Сауда орнында сатушының жоқтығы бірден оның назарына түседі – оңай олжа! Бөлімге жақындап келіп, ол пластикалық қоршаулардың бөлімдерінің бірін жылжытып, қолы жеткен олжаларын ала бастайды. Қылмыскер әтір жиынтықтарын, әйелдердің қол сөмкесін, далап, сынаспаптар салынған сөмке және футболканы ұрлаған.

Келтірілген жалпы залал құны 28 мың теңгені құрады. Ұрлық оқиғасы орын алғаннан кейін біраз уақыт өте көрші шаштараз бөліміндегі қызметкерлер косметикалық бөлімнің тоналғандығын байқап, дабыл қаға бастаған. Бөлімнің иесіне қоңырау шалған.

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері қылмыскерді көп ұзамай ұстады. Себебі, ондай қылмыскерлер қандай да бір оқиға орын алғаннан кейін бірден күдіктілер қатарына жатқызылады. Сондай-ақ, бұл істе куәгерлердің берген түсініктемелері күдіктінің жеке басын анықтауға көмектесті.

Сот барысында ер адам өзінің жасаған қылмысын мойындап, өкініп, Фемида қызметшілерінен оған қатаң жаза бермеуін өтінді. Сондай-ақ, ол жәбірленушіге ұрланған тауарларды ішінара қайтарды – сатып үлгермеген және өзі пайдаланып үлгермеген тауарларды.

Қылмыстық заңнаманы ізгілендіру арқасында, тәжірибелі ұры осы жолы да салыстырмалы түрде жеңіл жазамен құтылды.

Соттың үкімі заңды күшіне енді.

Следующая →