Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Компания жаңалықтары Компания жаңалықтары
Ақпарат көзі:
Устинка

Өскемендіктер тиімді бағдарламамен 100 пәтерді несиеге ала алады

Өскемен қаласында Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі салымшылары үшін 99 пәтер қолданысқа берілмек. Ал жинақ банкі бұл үйлерді 20 пайыздық бастапқы жарнамен және 7% жылдық мөлшерлемемен беруге әзір

Ал пәтерлер қаланың ең тиімді тұрғын үй кешендерінің бірінен берілгелі отыр. Облыстық мешіт пен "Арзан" гипермаркеті арасында салынып жатқан "Ertis City" тұрғын үй кешенінің пәтерлері күзден бері сатылымға қойыла бастады. Қазіргі күнде пәтерлердің жартысына жуығы сатылып үлгерген.

Сатылымға қойылған пәтерлер екіге бөлінеді: бірі - толық жөнделіп біткен пәтерлер болса, екіншісі - жартылай салынған пәтерлер. Ішкі әрлеу жұмыстары жасалмаған жартылай салынған пәтерлердің бір шаршы метрі 180 мың теңгеден болса, жөнделіп біткен пәтерлердің шаршы метрі 215 мың теңгеден. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі өкілдерінің айтуынша, бұл пәтерлерді "Өз үйім" атты тиімді бағдарламамен алуға болады.

- "Өз үйім" бағдарламасының көптеген артықшылықтары бар. Біріншіден, нарық бағасынан арзан тұрғын үйлер ұсынылады. Екіншіден, бағдарламаға кез келген азамат қатыса алады. Мемлекеттік бағдарламаларға меншігінде үйі бар азаматтар қатыса алмайды. Ал олардың бұл бағдарламаға қатысуға мүмкіндігі бар. Үшіншіден, ең басты артықшылық - ол жылдық мөлшерлеменің 7%-дан 5%-ға дейін төмендетілуі. Мысалы, 7,5 млн теңге тұратын бір бөлмелі пәтерді сатып алу үшін 1,5 млн теңге жарна болса жеткілікті, - дейді ТҮҚЖБ ШҚОФ директорының орынбасары Айнұр Меирбаева.

Аталған тұрғын үй кешенінде 44-48 шаршы метрлік бір бөлмелі үйлер мен 55-67 шаршы метрлік екі бөлмелі үйлер бар. Ішкі әрлеу жұмыстары жасалмаған пәтерлердің бағасы 8 млн теңгенің, ал толық жөнделген бір бөлмелі пәтерлер 9-10 млн теңгенің айналасында. Ал екі бөлмелі жөнделген пәтерлердің бағасы 12-14 млн теңгенің шамасында болмақ.

- Жаңа пәтерлер болса да, екінші нарықта сатылып жатқан үйлердің бағасымен бірдей. Кейде арзан шығуы да мүмкін. Мәселен, екінші нарықтағы үйлердің толық сомамен көрсетілген бағаларын шаршы метрге бөлсек, онда кейде мұндай пәтерлердің бір шаршы метрі 250 мың теңгеге дейін шығып кетеді. Мұны қарапайым тұрғын байқамауы мүмкін, - дейді "Ertis City" тұрғын үй кешенінің сату бөлімінің басшысы.

Тұрғын үй кешенінің ішінде 75 балаға арналған балабақша, жылытылған тұрақжай мен дүкен, сұлулық салоны, наубайхана мен дәріхана болады.

Ал үйлердің өзі 2016 жылдан бері салына бастаған. 2018 жылдың шілде айында қолданысқа берілген.

- Тұрғын үй саз батпақтың үстінде орналасқан деп қауіптенетіндер көп. Алайда Ертіс жағасындағы топырақтың беріктігі жоғары, малтатас пен қойтас араласқан. Мұнда жер астына су көп жиналып қалмау үшін арық пен құбыр арқылы суды ағызып, жерді құрғатып отыратын жүйе жасалынған. Оның үстіне, тұрғын үйдің плиталы іргетасы тоғыз қабатты үйдің салмағын теңдей бөліп, тепе-тең, жылжымалы қалыпта ұстап тұра алады. Құрылысшылар бетонның арасында өз-өздерін сақтандыру үшін көбірек арматура төсеген, - дейді "Авангард Проект Инжиниринг" компаниясының директоры Валерий Федянин.

Следующая →
Материал размещен на правах рекламы