Бородулиха аудандық ауруханасы толықтай электронды жүйеге көшті
Бородулиха орталық ауруханасында заманауи медициналық құрал-жабдықтарымен жабдықталып, қағаз құжаттардан бас тартып, толығымен электронды жүйеге көшті
Ауданға жұмыс сапарымен барған Даниал Ахметов осылай деп мәлімдеді. Аудандық ауруханаға екі жылдың ішінде 190 млн теңге шамасында қаржы бөлініп, жаңа құрал-жабдықтар сатып алынған әрі автоматтандырылған құжаттама жүйесіне көшкен. Ауруханаға қаралуға келген науқастардың барлығына электрондық денсаулық төлқұжаты жасалып, қағаз құжаттардан бас тартқан.
Аудандық аурухананың жетістіктеріне дән риза болған облыс басшысы Умуд Эфендиев бастаған мамандар тобын түгелдей шетелге оқуға жіберілетіндігін айтты. Ал алдағы үш жылдың ішінде облыс дәрігерлерін шетелдің белді клиникаларында оқыту үшін 47 млрд теңге қаржы бөлінбек.
Одан бөлек, аймақ басшысы Бородулиха ауданының әкімі Григорий Акуловқа аудандық ауруханаға күрделі жөндеу жұмыстарын жасауға, облыстық денсаулық сақтау басқармасына орталық аурухананың перзентханасына жаңа медициналық жабдықтар әкелуге тапсырма берді.