Өскеменде оптикалық аспаптар салоны тоналды
Ең қызығы, ұрлықшы оптикалық құралдардың бірде-біріне қол тигізбеген, тек қорапта қалған 850 теңгені ғана алған...
Бүгін таңертең дүкенге келген сатушы салонға белгісіз біреудің басып кіргенін аңғарған.
- Терезе ашық, ақша салып жүретін қорабымыз жерде шашылып жатыр. Кеше сауда мардымсыз болды Ал қорапта 800-850 теңге шамасында ғана ақша қалған. Ұрлықшы соны ғана алып кеткен екен, - дейді дүкен иесі Татьяна Федоренко.
Салондағы көзәйнектер ұрлықшыны қызықтыра қоймаған көрінеді, сондықтан оларға тиіспеген. Ақшаға ғана келгені көрініп тұр, өйткені қораптың ішінде аз ғана ақша қалғанын көрген ұры ашуланып, оны аяқпен таптап та кеткен көрінеді.