Астана күндері келесі жылы Санкт-Петербургте өтеді
Астана қаласының әкімі мен Ресейдегі Қазақстан елшісі Санкт-Петербург пен Челябі облысында Астана күндерін өткізу жөнінде мәселелер талқылады
Астана қаласының әкімдігінде қала әкімі Бақыт Сұлтанов Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Алексей Бородавкинмен кездесті, деп хабарлайды Қазақпарат сайты.
2019 жылы Санкт-Петербургте және Челябі облысында жоспарланған Астананың күндеріне дайындықпен қатар, кездесуде Ресей мен Қазақстан астаналарының ынтымақтастық бағдарламасының нәтижелері талқыланды.
Астана мен Мәскеу арасындағы екіжылдық ынтымақтастық бағдарламасы осы жылдың желтоқсанында аяқталады, алайда Ресей елшісі осындай өқарым-қатынастың жаңа бағдарламасын әзірлеуді ұсынды.
- Елшілік Астана мен Мәскеу арасындағы достық қарым-қатынастарды дамытуға және нығайтуға барлық жағынан көмектеседі, - деп уәде етті ол.