Өскемен гараждарының бірінен марихуана мен наша табылды
ШҚО ІІД Есірткімен күрес басқармасының қызметкерлері есірткі сатумен айналысқан екі ер адамды ұстады
Гараж ішін тексерген полицейлер есірткі оралған 10 картон қорап пен 4 полимер пакет тауып алды. ШҚО ІІД баспасөз қызметі хабарлағандай, табылған күмәнді пакет пен қораптың ішінен 200 келі марихуана мен 5 келі наша шыққан.
Қазіргі уақытта ұсталған өскемендік 47 жастағы азамат пен 51 жастағы астаналық тұрғынның үстінен қылмыстық іс қозғалуда.