Семейде әккі ұры қолға түсті
Орталық полиция бөлімінің мамандары 43 жастағы Приречная ауылының тұрғынын тұтқындады
Тәртіп сақшылары осы азаматтың қатысуымен 30 қылмыстық оқиғаның бар екенін анықтаған. Оның өзгелерге келтірген шығыны бір млн теңгеге бағаланды.
Семейлік азамат тұрғындардың үйлерінен, дүкен, бутик және сауда үйлерінде ұрлық жасаған. Одан өзге бес азаматтың арызына сүйенсек, ол алаяқтық жолмен азаматтардың мүлкін иесденген.
Семей қалалық ІІБ баспасөз қызметі хабарлағандай, бұл айлакер азамат қолға түсіп, тұтқындалды. Анықталғандай, ол бұрыннан ІІБ есебінде ұры ретінде тұр.