Өскемендегі қылмыскерлердің көбі ұрлыққа "маманданған"
Ұрылар негізінен пәтелер мен жер үйлерге, аула және базарларға ұрлыққа түседі екен
Өскеменде орын алатын қылмыстың 70%-ы ұрлық. Негізінен ақша, зергерлік бұйымдар, ұялы телефондар мен автокөліктерды қолды етеді. Бұл туралы Өскемен ішкі істер бөлімінің басшысы Даур Ибраев.
Жыл басынан бері облыс орталығында 4726 ұрлық тіркелсе, оның жартысынан басым бөлігін бұрын істі болған азаматтар жасаған екен.
- Жыл бойы пәтер тонаған азаматтарды бірнеше рет ұстадық, - дейді Дәуір Ибраев. - Өйткені бүгінгі таңда заң бойынша ұрының зардап шегушімен достасуы рұқсат етілген. Қаскөйлер зардап шеккендерге шығынды өндіріп береді, осылайша қылмыстық жауапкершіліктен құтылып кетіп жатады. Өкінішке орай, олар түзелмейді, қайта қылмысқа барып жатады.
Айта кеткен жөн, тәртіп сақшылары тоғыз айдың ішінде ұрлық көрсеткішін 10%-ға дейін азайтса, ауыр қылмысты 5%-ға төмендеткен.