ШҚО-да барымташылар ұсталды
Тәртіп сақшылары шамамен төрт миллион теңгенің малын ұрлаған төрт адамнан құралған ұйымдасқан қылмыстық топты тұтқындады
Күдіктілер Глубокое мен Ұлан аудандары тұрғындарының малын түнгі уақыттарда барымталап келген. Олар малды жайылымнан айдап әкетіп отырған көрінеді. Тәртіп сақшылары ағымдағы жылдың шілде айынан бері жымысқы әрекетпен айналысып жүрген төрт азаматты қолға түсірді.
- Жалпы бұл азаматтарды 13 жағдайға қатысы бар екендігі анықталды: бес бас жылқы мен 10 бас ірі қара малы, - деп хабарлайды Өскемен қалалық ІІБ баспасөз қызметі.
Жалпы келтірген шығын көлемі үш миллион теңгеден асады. Қазіргі таңда күдіктілер уақытша қамау изоляторында. ҚР ҚК "Қылмыс" 188-бабы 1-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.