Швецияда король IX Карлдың тәжі ұрланды
Шабуылшылар Стренгнес шіркеуіне барып, XVII ғасырдың патшалық регалиясын ұрлап кетті
Ұрланғандардың ішінде король IX Карлдың тәжінен басқа, әйелі Кристинаның тәжі де бар. Қылмыскерлер қайыққа ұрланған заттарды тасып, қылмыс орнынан іздерін суытқан. Ұрланған заттар Швецияның ұлттық қазынасы болып табылады.
Шіркеудің бас уағызшысы Кристофер Лундгреннің айтуынша, бұл қылмыс - "бүкіл Швед қоғамын тонау". Швеция полициясының үздік күштері ұрлықшыларды тікұшақпен іздестіруде.