Павлодар облысының балалары бөтелке байлап, өзенді жүзіп өтпек болған
Белдеріне бөтелке байлап, өзенді жүзіп өтуге тырысқан төрт баланы көрген құтқарушылар қайғылы оқиғаның алдын алды
Құтқарушылар қайғылы оқиғаның алдын алды, деп хабарлайды Қазинформ.
12-15 жастағы төрт бала белдеріне пластик бөтелке байлап, Усольск су айдынын жүзіп өтпек болған. Су қоймасының арнасы 250 метр. Су қоймасының ортасына дейін жүзіп барған балалар күші таусылған соң, бата бастағанын сезген.
Хабар алған құтқарушылар тобы суда әлсіреген балаларға шұғыл жеткен. Құтқарушылар тобы оларды жағаға шығарып алды.
Төртеуіне де психологиялық көмек көрсетілді.