Қылмыскер бір сағатта ұсталды
33 жастағы қылмыскер бір сағаттың ішінде тәртіп сақшыларының қолына түскен
Оқиға кеше Жаңа Бұқтырма кентінде орын алған. Дүкен иесі дүкеніне ұры түскенін айтып, полиция қызметіне хабарласқан көрінеді.
- 32 жастағы дүкен иесінің шақыртуына байланысты тергеу тобы сағат 12-лер шамасында жеткен, - деп хабарлайды ШҚО ІІД баспасөз қызметі. - Зардап шегуші азаматша тәртіп сақшыларына тек ұрының бет-әлпетін шамалап сипаттап берген. Ал жарты сағат ішінде тергеушілер ұрының аты-жөнін анықтады.
Ол 33 жастағы жергілікті тұрғын болып шыққан. Ұры қолды қылған 20 мың теңгенің жартысын жұмсап үлгергенімен, тағы бір олжасы - 25 келі көкнәрді сатып үлгермеген.
- Жол-патрульдік полиция батальонының көмегімен күдікті азамат тұтқындалды. Ұрлық ісіне қатысты 191-баптың 2-бөлімі 1-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, - деп мәлімдеді мекеме.
Жалпы, бірінші жарты жылдықта Жергілікті полиция қызметінің саптық бөлімшелер қызметкерлерінің қатысуымен облыста бір жарым мың қылмыс ашылған.