Денис Теннің өліміне қатысты тұтқындалған күдікті кінәсін мойындады
Денис Теннің қазасына қатысты істі тергеу жұмыстары бас прокурор Қайрат Қожамжаров өз бақылауына алды
Айта кетейік, кеше Алматы қаласының қақ ортасында күндізгі уақытта белгісіз біреулер Денис Теннің көлігін тонамақ болған. Ұрылардың үстінен танымал мәнерлеп сырғанаушыға қаскөйлер шабуыл жасап, нәтижесінде жас спортшы көз жұмған еді, деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты. Ал қолға түскен күдіктілердің бірі қылмысын мойындады.
- 1994 жылы туылған Қиясов Нұралы Дәулетбекұлы қолға түсті. Ол Жамбыл облысының тумасы. Адвокаттың қатысуымен ол өз кінәсін мойындады. Қазіргі таңда уақытша қамау изоляторына тоғытылды, - деп хабарлады Алматы қаласының прокуроры Берік Жүйріктаев.
Денис Теннің қазасына байланысты ҚР ҚК 106-бабы "Адам денсаулығына қасақана зиян келтіру" және 99-бап 2-бөлімі "Адам өлтіру" бойынша тегеу басталды.