Өскемен
пасмурно
+19°
  • Өскемен
    +19°
  • Алматы
    +20°
  • Астана
    +15°
  • Ақтөбе
    +8°
  • Актау
    +17°
  • Орал
    +12°
  • Қарағанды
    +17°
  • Көкшетау
    +11°
  • Қостанай
    +7°
  • Қызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +15°
  • Петропавловск
    +10°
  • Тараз
    +20°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +20°
$
441.66
-2.48
475.14
-1.91
¥
61
-0.34
4.86
+0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Оқиғалар Оқиғалар Олеся Краскова
Ақпарат көзі:
Устинка

ШҚО әкімдігінің қызметкері қазынадан бензин ұрлап, 15 млн теңге шығын келтірген

ШҚО Әкім істері жөніндегі басқарманың гараж басшысы ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталды

Облыстық әкімдіктің тұрақжайына тиесілі көліктердің барлығын осы қызметкер жауап берген. Ол бір жыл бойы алаяқтық жасап, мемлекет қазынасынан бензин ұрлап келген. Гараж басшысы диспетчерге іссапарға бару үшін АИ-93 және АИ-95 бензин маркалары қажет екендігін айтқан. Ал оған тапсырманы ШҚО Әкім аппаратына қарасты әкім істері жөніндегі басқарманың өзі бергенін айтқан.

- Ал әріптесінің алаяқтық жасап отырғанын сезбеген диспетчер де оған сұрап келгенін жанармайын бере берген, - дейді №2 Өскемен қалалық сотының баспасөз қызметі.

Ал қол астындағы жүргізушілерге де мәжбүрлі түрде құжатқа қол қойдырып, оларға бензин бермей қойған. Бір жылдың ішінде 106 мың 490 литр жанар-жағармайды қолды қылып, 14 млн 877 мың 759 теңге шығын келтірген.

Бұл істеген алаяқтығы ашылып қалмау үшін, жұмыстан шығып кеткен. Бәрі сол кезде, еңбек келісімшартын бұзбақ болған уақытта белгілі болған.

Сот баспасөз қызметі хабарлағандай, күдікті бес жыл бас бостандығынан айырылған.

Следующая →