19 жастағы жігіт көлік жүргіземін деп ер адамды басып кетті
Қайғылы оқиға Ұлан ауданының Донское ауылы маңында, тас жолдың қиылысында болған
Ауыл тұрғындарының айтуынша, сол күні шаруалар егіс науқанының аяқталғанын тойлап, ішімдік ішкен. Ал көліктің астына түскен 32 жастағы тұрғын да мас болған.
- Көлік оны таптап кеткен. Тірі қалуы екіталай болды, - дейді ауылдастары.
Ал азаматты қағып кеткен көлік жүргізушісін тәртіп сақшылары ертеңінде тауып алған.
- Жол қозғалысын бақылау кезінде тәртіп сақшыларының мемлекеттік нөмірі жоқ "Тойота Камри" автокөлігіне күмәні түсіп, оны тоқтатқан. Сол кезде жүргізушіден Донское ауылы маңындағы оқиғаны сұрастырған кезде, қатты қобалжыған, - дейді ШҚО ІІД баспасөз қызметі.
Полицейлер көліктің капоты мен салонындағы қан іздері де күдік туғызған.
- Күдікті жас жігіт жол оқиғасына қатысы бар екендігін мойындап отыр, - дейді мекеме.