Парижде тәртіпсіздіктерге жүзден аса қатысушы ұсталды
Парижде 1 мамыр күні болған демонстрация көптеген тәртіпсіздіктерге ұласты
Ресми ақпарат бойынша, тәртіпсіздіктерден кейін 109 адам түрмеге қамалды, деп хабарлайды РИА Новости.
1 мамыр мерекесіне арналған демонстрация кезінде қара киім киген жастар мейрамхана және кафелердің терезелеріншағып, автокөліктерді өртеген. «Макдональдсқа» да шабуыл жасалды. Іс-әрекеттердің нәтижесінде, полиция қызметкерлері арандатқыштарға жасанды снарядтар мен газ қолданған
Тәртіп бұзушылықтардың салдарынан ондаған адам жарақат алды.
Француз президенті Э.Макрон бұл оқиғаны аса назарға алып, бастамашыларды әділ сотқа тартуға уәде берді.