Өскемен
ясно
+12°
  • Өскемен
    +12°
  • Алматы
    +11°
  • Астана
    +16°
  • Ақтөбе
    +21°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +19°
  • Қарағанды
    +13°
  • Көкшетау
    +18°
  • Қостанай
    +23°
  • Қызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +15°
  • Петропавловск
    +21°
  • Тараз
    +12°
  • Туркестан
    +19°
  • Шымкент
    +14°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Алия Тенизбаева
Ақпарат көзі:
Устинка

Өскемен тұрғындары мамырдағы мерекелерді үлкен ықыласпен атап өтпек

Биыл Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс мерекесіне орай, ондаған мерекелік шара өткізгелі отыр

Ал мерекелік шаралар жұма күні-ақ басталмақ. 4 мамыр күні сағат 10.00-ден 14.00-ге "Ерлік тағылымы – урок мужества" атты акция өтеді. Оқушылар мен балабақша тәрбиеленушілері соғыс және тыл ардагерлерімен кездесіп, әскери-патриоттық фильмдер көрсетіледі.

Сағат 12.00-де Шығыс Қазақстан техникалық-гуманитарлық колледжінде "Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылған жоқ" атты шара ұйымдастырылып, ардегерлермен кездесу өтеді.

Ал сағат 14.00-де "Үлбі" мәдениет сарайында тұрғындарды әскер қатарына салтанатты шақыру шарасы өтсе, сағат 15.00-де Металлургтер мәдениет сарайында гала-концерт басталады. Бұл уақытта С.Аманжолов атындағы ШҚМУ де мерекелік концерт өткізеді.

7 мамыр күні қала аумағында орналасқан №5518 және №27943 әскери бөлімдері балалар мен оқушыларға көрме ұйымдастырып, әскери техникаларды көрсетеді. Даңқ бұрышын аралатады. "Менің елім - Қазақстан", "Батырларға арналады" атты концерт өтеді.

Бұл уақытта Даңқ Мемориалы маңында, Мәңгілік алаудың Вахтасын алмастыру шарасы болады.

Сағат 11.00-де Даңқ Мемориалы маңында әскери шеру басталады. Сағат 15.00-де Орталық мәдениет үйінде классикалық музыка кеше өтеді.

Қала ипподромында сағат 15.00-де бәйге мен көкпар, қыз қуу, аударыспақ басталады. Ал Алматы тас жолында велоспорт науқаны ашылады.

9 мамыр күні сағат 10.00-де басты мереке - Қаһарман ұлт - Бессмертный полк" шеруі басталады.

Ал сағат 18.00-де Даңқ Мемориалында театрландырылған көрініс қойылады.

Следующая →