Өскемен
пасмурно
+16°
  • Өскемен
    +16°
  • Алматы
    +14°
  • Астана
    +16°
  • Ақтөбе
    +22°
  • Актау
    +20°
  • Орал
    +19°
  • Қарағанды
    +18°
  • Көкшетау
    +11°
  • Қостанай
    +13°
  • Қызылорда
    +21°
  • Павлодар
    +13°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +14°
  • Туркестан
    +15°
  • Шымкент
    +16°
$
441.44
-1.91
473.09
-2.45
¥
60.96
-0.22
4.75
-0.07
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Оқиғалар Оқиғалар Михаил Козлов
Ақпарат көзі:
Устинка

Астанада ЖШС директоры материалдық көмек ретінде өзіне 41 миллион теңге бөлген

Ол осыған дейін де 55 миллион теңгеден астам компания қаражатын иемденіп алғаны хабарланған

Астана аудандық соты 54 жастағы кәсіпкерге үкім шығарды, деп хабарлайды zakon.kz. Құрылтайшы директор бола отырып, ол 41 миллион теңгеге "Бірден материалдық көмек көрсету туралы" бұйрық шығарған. Бұл ақшаны кәсіпкер өзіне жазған. Нәтижесінде компания жұмысшыларының жалақысы, жалға алу төлемі, тасымалдаушылар ақысы берілмей қалды.

Тексеру барысында бұл басшының жалғыз әрекеті еместігі анықталды. 2013 жылдың желтоқсан айынан 2014 жылдың қаңтарына дейін ол кәсіпорын шотынан 55 миллион теңге алған. Ортақ құрылтайшылар ақшаны қайтаруды талап еткен. Бірақ кәсіпкер бас тартады. Нәтижесінде іске тиісті органдар араласқан.

Сот күдіктіні кінәлі деп тауып, 3 жылға бас бостандығынан айырды. Мұнымен қоса, ол 36 807 172 теңге көлемінде материалды шығынды өтеуі керек. Мемлекет кірісіне тиген жарна көлемі 1 104 215 теңгені құрады.

 

Следующая →