Оңтүстік Қазақстанда алаяқтықпен 20 миллион теңге «тапқан» қылмыскер ұсталды
Күдікті алаяқтықтың 40 фактісі бойынша айыпталып отыр. Ол зардап шеккендердің сеніміне кіріп, несие алып беруге уәде беріп отырған
Шымкентте ондаған қала тұрғыны несие алуға көмектесемін деп, ірі көлемде ақша алып кеткен бір әйелге қатысты полицияға арыз берді.
Жедел іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері Қызылорда облысының тұрғыны болып табылатын күдіктіні ұстады.
- Бүгінгі таңда полиция қызметкерлері күдіктінің 40-тан астам іске қатысы барын анықтады. Зардап шегушілерге келтірілген шығынның жалпы сомасы 20 миллион теңгеден асады, - дейді хабарландыруда.