Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Оқиғалар Оқиғалар
Ақпарат көзі:
Устинка

Пара алды деп айыпталған шенеуніктің жазасы өзгертілді

Республикалық Әскери соттың қылмыстық істер бойынша сот коллегиясы ашық сот отырысы барысында Қанат Сұлтанбековке қатысты қылмыстық істі қарады

- Қылмыстық кодекстің 62-бабы 6-тармағы негізінде Сұлтанбековке алынған параның екі еселенген сомасы 2 139 834 310 көлемінде айыппұл салынсын, аталған жаза 334 310 теңгеге жеңілдетіліп, 2 139 500 000 теңге көлемінде айыппұл салынып, қорытынды жаза тағайындалсын, - делінген үкімде.

Сот коллегиясы қамауға алудан босатып, Қ. Сұлтанбековті бірден бостандыққа шығарылсын деген үкім айтты.

2017 жылдың 29 қаңтары күні Астанадағы қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық әскери соты «Қазақстан инжиниринг» АҚ басқарма төрағасының бұрынғы орынбасары Қанат Сұлтанбековті аса ірі көлемде пара алды деп тауып, 10 жылға қамауға алу туралы үкім шығарған болатын.

Естеріңізге сала кетсек, "Аса ірі көлемде пара алды" деп айыпталған Сұлтанбеков биыл ақпанда қамауға алынған болатын.

«Қазақстан инжиниринг» Ұлттық компаниясы» АҚ ұлттық «Самұрық-Қазына» мемлекеттік қорында және Қазақстанның қорғаныс министрлігінің басқармасында. Компания еліміздің ірі әскери кәсіпорындарын бірыңғай қаржылық, өндірістік және техникалық саясатын жүргізуді қамтамасыз ететін холдингтік құрылым.

Следующая →