АҚШ-та жүк және жолаушы пойызы соғылып екі адам қаза тапты
Пайн Ридж қаласының маңында Нью-Йорк - Майами бағытында қозғалып келе жатқан Amtrak компаниясының жолаушы пойызы жүк таситын теміржол көлігіне соғылды
Америка Құрама Штаттарының құқыққорғау органдары Оңтүстік Каролина штатындағы апаттың салдарын анықтауда. Бұл туралы журналистерге Amtrak ұлттық жолаушылар теміржол корпорациясының өкілдері хабарлады.
Оқиға Лексингтон округіне жақын маңда болған. Алдын ала деректер бойынша, жолаушылар пойызында 139 адаммен бірге бригаданың сегіз мүшесі болған. Оқиға нәтижесінде бірнеше вагон рельстен шығып кеткен.
Американдық БАҚ өкілдері апат салдарынан екі адамның көз жұмғанын хабарлауда. Тағы 50 зардап шегуші түрлі жарақаттар алған. Апат орнында құтқарушылар, дәрігерлер мен полиция жұмыс істеуде.