Өзбекстанның 52 азаматы өртеніп кеткен автобус жүргізушілері ұсталды
24 қаңтар күні 3 адам ұсталып, Ақтөбе қалалық Ішкі істер басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды
Ақтөбе облысындағы автобус өрті фактісі бойынша қылмыстық іс республикалық ІІМ Тергеу департаментінің өңіраралық жедел-тергеу тобының өндірісінде, деп хабарлайды облыстық прокуратура.
- Тергеу барысында анықталғандай, жүргізушілері автокөлік құралын пайдаланып, өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзған. Және автобус салонында дәнекерлеу шамын қолданған, - делінген хабарландыруда. - Жиналған деректер бойынша, аталған қылмысқа үш жүргізушінің қатысы бар екені бекітілді.
Ұсталғандар Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-тармағын бұзды деген күдік бар.