Өскемен
ясно
-12°
  • Өскемен
    -12°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    -2°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +8°
$
498.51
+0.17
522.84
+3.12
¥
68.81
+0.02
4.81
-0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Оқиғалар Оқиғалар Алия Тенизбаева
Ақпарат көзі:
Устинка

Күйеу жігітінің жолдасынан кесел келді

33 жастағы ер адама өз досымен бірге оның қалыңдығымен танысуға барған. Ішімдікке масайып қалған азамат бойжеткеннің ақша мен құжаттары салынған әмиянын қолды еткен

Полиция қызметіне 20 жастағы бойжеткен келіп, жігіті мен оның досы үйіне келіп кеткеннен кейін әмиянының жоғалғанына шағымданған. Қыздың сөзіне сүйенсек, жігіті оны досымен таныстырмақ болып, бойжеткеннің үйіне өзімен бірге ертіп келген. Таныстық үшін үшеуі ішімдік ішкен, артынша жігіттер үйлеріне тарасқан. Біраз уақыт өткеннен кейін бойжеткен дүкенге бармақ болған уақытта әмиянының жоғалғанын анықтаған. Тәртіп сақшылары ізін суытпай қылмыскерді қолға түсірді. Анықталғандай ол бұрын да ұрлық жасағаны үшін істі болған екен. Өскемен қалалық ІІБ баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, қылмыскерге қатысты ҚР ҚК 188-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Следующая →