Парижде балта асынған тонаушылар ұсталды
Қылмыскерлер тобы Франция астанасының орталығындағы бес жұлдызды Ritz қонақ үйін тонамақ болған
Балтамен қаруланған бес ер адам Ritz қонақүйіндегі витрина шынысын шағып, 4 млн еуродан асатын қымбат бұйымдарды алып кеткен.
Оқиға бейсенбіге қараған түні орын алған. Шабуылдан соң тәртіп сақшылар үш қылмыскерді ұстаса да, зергерлік бұйымдар оларда болмай шыққан. Ұсталғандардың барлығы 20 жастағы жастар. Олар бұрын соңды ұрлыққа байланысты қылмыспен құқыққорғаушылардың назарына түскен.
Шабуылға қатысқан екі адам іздерін суытып үлгерген. Олардың бірі қонаүйден шыға сала, скутермен жолаушыны қағып кеткен. Екінші қаскүнем «Рено» маркалы автокөлікпен қашқан.
Полиция қызметкерлері қашқындарды іздестіруде.
Следующая →