Өскемен
Бұлтты
-22°
  • Өскемен
    -22°
  • Семей
    -20°
  • Алматы
    -5°
  • Риддер
    -20°
  • Астана
    -24°
  • Ақтөбе
    -16°
  • Ақтау
    +1°
  • Атырау
    -2°
  • Қарағанды
    -23°
  • Көкшетау
    -19°
  • Қостанай
    -18°
  • Қызылорда
    -2°
  • Павлодар
    -22°
  • Петропавловск
    -16°
  • Тараз
    -6°
  • Түркістан
    +1°
  • Орал
    -20°
  • Шымкент
    +1°
$
490.58
-1.30
584.77
-1.06
¥
71
-0.18
6.34
-0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Оқиғалар Оқиғалар Михаил Козлов
Ақпарат көзі:
Устинка

Досына 600 млн теңге қарыз болған алматылық, өз мәселесін күшпен шешпек болған

Нәтижесінде 53 жастағы ер адам тонау және бопсалағаны үшін 9 жылға абақтыға қамалды

Сот бекіткендей, сотталушы 2007-13 жылдар аралығында досы А-дан 582 576 099 теңге қарыз алған, деп хабарлайды zakon.kz. 2017 жылдың басында азамат А зауыт сатып алып, кейін ақшадан қысыла бастаған. Осыдан кейін танысынан ақшаны қайтаруды сұрайды. Ақшаны қайтарудың орнына азамат И. Бірнеше адамды жалдап азамат А-ны адам аяғы баспаған жерге алып келіп, қарызын кешіруді талап етіп, соққыға жығады. Мұнымен қоса мойнындағы алтын алқасын, екі iPhone 6 смартфонын, алтын жүзік пен 1 387 434 теңге ақшасын тартып алады. Жалпы материалдық шығын 3 миллион теңгені құрады. Ауруханада көзін ашқан азамат А. Бірден полицияға арыз жазады. Тергеу барысында сотталушы өз қылмысын мойындамай, азамат А-ны соққыға жықпағанын айтқан. Алайда сот керісінше шешім қабылдады. Нәтижесінде сотталушы 9 жылға бас бостандығынан айрылып, мүлкі тәркіленетін болды.
Следующая →