Сан-Францискода лаңкес ұсталды
Лаңкес Сан-Франциско қаласындағы католиктер қауымының Рождество мерекесін атап өтіп жатқанда террорлық акт ұйымдастырмақ болған
Алайда Федералды Тергеу Бюросының қызметкерлері оны Сан-Францисконың солтүстік бөлігіндегі жағалау маңында лаңкестік ұйымдастырмақ болған жерінен ұстап алған.
Ұсталған жігіттің есімі Эверитт Аарон Джеймсон. Калифорниядағы Модесто қаласының тұрғыны, «Ислам мемлекеті» лаңкестік тобының (Қазақстанда тыйым салынған) көзқарасын ұстанушы адам. Ол жағалау маңына көлікпен шығып, оқ атып, кейін жарылғыш зат лақтырмақ болған.
Ал лаңкес болса, Нью-Йоркте террористік акт ұйымдастырған Өзбекстан азаматынан «үлгі» алғанын айтады.