БҰҰ Солтүстік Кореяға қарсы жаңа санкция жариялады
Мұны АҚШ Президенті Трамп мәлімдеп отыр. Оның ойынша, бұл бейбітшілік орнатуға көмектеседі, ал адамдардың құрбандыққа айналуын тоқтату қажет
- БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі Солтүстік Кореяға қарсы жаңа бір санкцияны жариялауға шешім шығарды. Әлемде бейбітшілік орнағанын қалаймыз, - деп жазды Трамп «Твиттердегі» парақшасында.
БҰҰ бұған дейін Солтүстік Кореяға қарсы екі санкция жариялап, оны қатаң режімге көшірген еді. Оның бірі Солтүстік Кореяға мұнай өнімдерін тасымалдауға тыйым салу болса, екіншісі – әлемнің әртүрлі елдерінде жүрген солтүстіккореялық мигранттарды елден шығару.
Ал бұл жолғы санкция баллистикалық зымырандарды сынықтан өткізуге тыйым салу болды. Егер Солтүстік Корея аталмыш зымырандарды сынақтан өткізетін болса, онда оған қарсы қатаң жаза қолданылатын болады.