Францияда жасөспірім қыздар теракт ұйымдастырмақ болған
Парижде террористік шабуыл ұйымдастыру үшін әлеуметтік желіден сыбайлас іздеген кәмелет жасқа толмаған қыздардың сот үрдісі басталды
Парижде террористік шабуыл ұйымдастыру үшін әлеуметтік желіден сыбайлас іздеген кәмелет жасқа толмаған қыздардың сот үрдісі басталды.
Тергеу амалдары көрсеткендей, қыздар «Фейсбук» әлеуметтік желісі мен «Телеграмм» менссенджері арқылы хат алмасып, барынша көп адамды қыру үшін теракт жоспарлаған.
Осындай мақсатпен, олар ғаламтордан қару мен жарылғыш зат табудың көзін іздеген. Сотталушылар нысана ретінде коцерт залдары мен Париж кафелерінің мекен жайларын іздестіріп, істі жүзеге асыру үшін сыбайластар іздеген.
Жауап алу барысында француздық қыздар «Ислам мемлекеті» (ИМ, Қазақстанда тыйым салынған) ұйымының идеологиясын ұстанатындарын мойындаған. Бэ-эф-эм телеарнасының деректері бойынша соталушылар 5 жылға түрмеге жабылуы мүмкін. Сот шешімі 30 қарашада шығады.
2016 жылдың наурыз айында ұсталған сәтте қыздар 15 және 17 жаста болған.