Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Оқиғалар Оқиғалар Михаил Козлов
Ақпарат көзі:
Устинка

Бір апта ішінде алматылық отбасы төрт рет тоналды

Жер үйде тұрып, дүкен ашқан алматылық отбасы алты күн ішінде төрт рет тоналды, деп хабарлайды Zakon.kz сайты. Тек төртінші рет полиция ұрылардың бірін ұстаған

Қылмыскерлер алғаш 18 қараша күні ұрлыққа түскен. Түнгі 23:30 шамасында үй иесі алаң тудырып, дүкенді тексеріп көрген. Бұл жерде бірінші ұрлықтың бірінші белгісі анықталған. Ұрлықшылар дүкенге кіріп 979 мың теңгені қолды етіп кеткен. Зардап шегушілер бірден құқыққорғау қызметкерлерін шақырып, хаттама толтырылған. Сол күні үйдің екінші қабатында тұратын әже үй төңірегінде біреулердің торуылдап жүргенін терезеден көрген. Бірден дабыл қағылып, жанұя тегіс далаға шыққан. Алайда ұрылар тағы іздерін суытып кеткен. Олар дүкендегі сөрелерді тазартып, сыра мен темекілерді ала қашқан. Келесі күні ұрылар үшінші мәрте келген. Бұл күні олар дүкен мен ауладағы кілетті де ақтарып кеткен. Ұрланған заттардың ішінде қазандар, манты қайнатқыш, самауырлар мен істен шыққан кір жуғыш машина да кірген. Оқиға орнына келген полиция таңға дейін жұмыс істеп, хаттама толтырып, саусақ іздерін алып кеткен. Ұрылар соңғы рет 22-нен 23-іне қараған түні келген. Жанұя мүшелері аулада торуылдап жүрген бөтен адамдарды көрген. Анықталғандай ұрылар тағы дүкенге түсіп, қалған сыра мен темекілерді қолды етпек болған. Зардап шеккендер полицияны төртінші рет шақырып, ұрланған көліктің артынан түскен. Ұзақ қуғыннан соң ұрылардың бірі ұсталған.
Следующая →