Өскемен
ясно
+6°
  • Өскемен
    +6°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +11°
  • Ақтөбе
    +20°
  • Актау
    +21°
  • Орал
    +24°
  • Қарағанды
    +8°
  • Көкшетау
    +11°
  • Қостанай
    +13°
  • Қызылорда
    +20°
  • Павлодар
    +7°
  • Петропавловск
    +12°
  • Тараз
    +14°
  • Туркестан
    +21°
  • Шымкент
    +17°
$
443.35
-0.87
475.54
-0.84
¥
61.18
-0.13
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Айдос Мырзахметов
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Куленов кентінде үй салынды

Өскемен қаласындағы Куленов кентінде Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі мен жеке мердігер компания бірлесе отырып, 95 пәтерлі бес қабатты тұрғын үйді салды

Ал 14 қараша күні үйді сатылымға қою жөнінде келісімге қол қойылды. 

Бұл пәтерлер - «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша жинақ банкі мен жеке құрылыс кәсіпкерінің біріге отырып салған алғашқы үйі. 

- Жеке өзі үй салумен айналысатын құрылыс компанияларының екі басты мәселесі бар: үй салуға қаржы табу мен салған үйді сату. Ал «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша жеке үй салуға рұқсат алған құрылыс компаниясы қаржыны мемлекет арқылы аз несиеге ала отырып, үй салады. Ал оны сатуға Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі көмектеседі, - дейді «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамының облыстық филиалының директоры Нұрлан Күзембаев.

Экологиялық жағынан таза ауданда үй тұрғызған «Восток-Клио» ЖШС «Даму» қоры арқылы мемлекеттен 7 пайызбен субсидия алып, «Центр Кредит Банкінен» алған несиесін өтей бастаған. Ал салған пәтерлердің жартысын үйді сатуға көмектескені үшін Тұрғын үй жинақ банкінің салымшыларына ұсынған. Қалған пәтерлерді компания өзі сатады. 

Пәтерлердің шаршы метріне қойылған бағасы - 175 мың теңге. Ал пәтер ауданы 46 шаршы метрден басталады. 

Қазіргі уақытта облыста Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне 78 мыңнан астам адам салымшы болып тіркелген. Ал биыл 1142 салымшыға үй берілсе, ендігі жылы 1000 салымшыға пәтер берілмек. 
Следующая →