Этот сайт собирает метаданные пользователя (cookie, данные об IP адресах и местоположении). Это необходимо для функционирования сайта.
Продолжая пользоваться сайтом, Вы даете согласие на использование ваших cookie-файлов.
Техас штатының Сазерленд-Спрингс қаласындағы баптис шіркеуінде атыс шығарған күдікті осыдан бес жыл бұрын өзінің әйелі мен баласына қол жұмсағаны үшін сотталған екен.
- Күдікті 2012 жылы әйелі мен баласына қол жұмсағаны үшін сотталған, - деп хабарлайды СNN телеарнасы.
Сонымен қатар, күдікті Девин Келли әскери қызметінен қуылып, он екі ай тұтқында болған. Ал АҚШ Қарулы Күштерінің баспасөз хатшысы Энн Стефанек күдіктінің бұрын әскери қызметте болғанын әрі Холломан, Нью-Мексико әскери базасында дайындықтан өткенін айтады. 2010 жылы әскери қызметінен қуылған.
Шіркеуде болған атыстың кесірінен 26 адам қаза тапты, 20-дан астам адам жарақат алған. Бұл -Техас штатында бұрын-соңды болып көрмеген қайғылы оқиға.