Қарағандыда лаңкестікті насихаттаған тұрғын сотталды
Қарағанды облысындағы Қазыбек би ауданының соты тұрғындар арасында лаңкестік пиғылды уағыздағаны үшін радикалды көзқарас иесін жеті жылға соттады.
Күдікті Қылмыстық Кодексттің 256-бабы, 2-тармағы бойынша айыпты деп танылды. Яғни, тұрғын БАҚ құралдары арқылы лаңкестік жайында ақпарат таратып, өзгелерді әрекет етуге шақырған.
Сотталушының мүлкі тәркіленді.
Құқыққорғау органы қызметкерлері «Вконтакте» желісінен "Николай Абдумалик" атты логиннің парақшасында экстремистік пиғылдағы материал жарияланғанын анықтаған.
Н.Одинцов есімді тұрғын 2012 жылы «қарулы жиһад» атты радикалды топтың мүшелегіне өтіп, оның исламға тән емес көзқарасы мен ұстанымын ел арасында насихаттай бастаған.