Өскемен
пасмурно
+4°
  • Өскемен
    +4°
  • Алматы
    +6°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +9°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -3°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +4°
  • Павлодар
    -2°
  • Петропавловск
    -3°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    +3°
  • Шымкент
    +7°
$
494.87
-0.33
520.65
-1.69
¥
68.34
4.91
-0.03
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Оқиғалар Оқиғалар
Ақпарат көзі:
Устинка

Бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев өз кінәсін мойындаудан бас тартты

Бишімбаевтың адвокаттары тергеушілердің өздерін айыптап, судьядан қылмыстық істі тоқтатуды сұрады.

КТК телеарнасы www.ktk.kz тілшілерінің хабарлауынша, Бұрынғы Ұлттық экономика министріне қатысты сот қазір Астанада жүріп жатыр. Жарыса сөз алған адвокаттар Жемқорлыққа қарсы ұлттық бюроның дәлелдерінің заңсыз екенін растайтын құжаттарға дейін алып келген екен. Айта кетсек, Бишімбаев бірнеше рет ірі көлемде пара алды, бюджет ақшасын жымқырды деген баптар бойынша айыпталуда. Одан бөлек тағы 22 адам істі болып жатыр.

- Негізі, бұл топтың заңсыз әкерекеттеріне қатысты қылмыстық іс өткен жылы қозғалған. Ал іс сотта бүгін қарала бастады. Қуандық Бишімбаев осы уақытқа дейін тергеу изоляторында отырды. Бүгін қарауыл экс-министрмен бірге оның бауыры Нұрлыбек Сұлтановты және «Байтерек DEVELOPMENT" -тің бұрыңғы төрағасының орынбасары Аслан Жақыповты абақтыдан сот залына жеткізді.

Алдын ала тыңдау кезінде күдіктілерге қысқа уақыт берілді. Көбіне адвокаттар сөз сөйледі. Мәселен, Бишімбаевтың үш адвокаты бар. Қалған күдіктілер де кем дегенде екі қорғаушы жалдаған. Бишімбаевтың адвокаттары тергеушілердің өздеріне қарсы дәлелдер жинап келіпті. Сәлімжан Мусиннің айтуынша, тергеу құжаттарындағы мөр жалған.

-Сотқа дейінгі тергеу 2016 жылыдң 9-тамызда басталған. Ол кезде Жемқорлыққа қарсы ұлттық агенттік мүлдем жоқ еді, ведомство құрылмаған болатын. Сондықтан менің қорғаушыма қатысты терегу заңсыз және негізсіз жүргізілген деп есептеймін. Қылмыстық істі тоқтатуды сұраймын, - деді Қ.Бишімбаевтың адвокаты Сәлімжан Мусин.

Ал күдіктілердің бірі - «Құрылыс металлқұрастыру зауытының» бұрынғы бас директорының адвокаты мемлекетке қайтарылған қаржыға Жақсылық Исабектің еш қатысы жоқ деген мәлімдеме жасады. Сәбит Өтебәлиевтың қорғаушысы болса, керісінше, тағылған айыптармен келісіп, мемлекеттік айыптаушылармен бірге келісімге келуді сұрады. Жалпы, 23 күдіктінің көбі кінәсін мойындап, бюджетке келген шығынды қайтарған. Тек Бишімбаев тергеумен келісіп отырған жоқ. Экс-шенеуніктің әкесі, Мәжілістің бұрынғы депутаты Уәлихан Бишімбаев Жемқорлыққа қарсы ұлттық бюроның өзі жауапқа тартылсын деп отыр.

Бишімбаевқа «Бәйтерек» холдингін басқарып тұрғанда «Нұрлы жол» бағдарламасымен үй салу үшін 5 құрылыс компаниясын лобби жасап, мемлекеттік тендерді ұтып беріп отырған. Сөйтіп, кәсіпкерлерден 400 миллион теңге пара алған деген күдікке ілініп отыр. Қызылорда қаласындағы шыны зауытының құрылысына бөлінген 1 миллиард теңгені де жалған фирмалар арқылы ұрлады деген айыптар тағы бар. Әрі экс-минстр бұл іске бауыры Нұрлыбек Сұлтановты да тартқан дейді тергеушілер.

Следующая →