20 жастағы өскемендік жігіт ұйықтап жатқан әйелді тонап кеткен
Өскемендік жігіт жатақханадаға бөлмелердің біріне кіріп, 42 мың теңгені қолды қылған.
Оқиға Серікбаева көшесінде орналасқан жатақханалардың бірінде болған.
Полиция бөлімшесіне түнгі сағат екілерде хабарласқан әйел белгісіз бір ер адамның бөлмеге кіріп, әмиянда тұрған ақшаны ұрлап кеткенін айтқан. Ер адам 25-30 жас шамасында болған.
Жігіттің үйге кіргенін сезген әйел ұйықтап жатқан адамға ұқсап, теріс қарап жата берген. Өйткені бөлмеге басып кірген қылмыскер өлтіріп кетуі де мүмкін еді.
Полиция қызметкерлері күдіктіні із суытпай ұстаған. Ақшаны қолды қылған жігіт ұсталған соң, ақшаны қайтарып берген.