Шымкент полициясы букмекер кеңсесін тонаған қаскүнемдерді іздестіруде
29 қазан күні Шымкент қаласындағы букмекерлерлік кеңселердің бірі тоналды
Қарапайым тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан, тәулік бойы жұмыс істейтін ешқандай белгісі жоқ букмекерлік кеңсе тоналды, деп хабарлайды otyrar.kz сайты.
Куәгерлердің айтуынша, 29 қазан күні кешкі 22.00 шамасында белгісіз біреулер мекемеге кіріп, оператор қызды қорқыта бастаған. Осыдан кейін кассадағы бар ақшаны иемденіп, оқиға орнынан тайып тұрған.
Ресми емес деректер бойынша, қаскүнемдер 600 мың теңге қаражатты қолды еткен.
Құқыққорғау органдарының қызметкерлері ресми ақпарат бермей отыр.