Петропавлда 25 жасар хакер ұялы трафиктер ұрлаған
Құқыққорғау органдары үйінен GSM- құрылғылары анықталған жұмыссыз жас жігітті ұстады
Ұялы операторлар өкілдері құқыққорғаушыларға ұялы байланыс трафикетерінің ұрланғаны туралы көктемде айтқан, деп хабарлайды Петропавловск.news сайты.
Болжам бойынша, трафикті ұрлаған адам бағдарламалау және заманауи техникалардан жақсы хабардар болған. Петропавл ІІБ криминалды полициясы «К» тобының қызметкерлері ІІД жедел тобымен бірлесе отырып жедел іздестіру шараларын өткізген. Нәтижесінде ешбір жерде жұмыс істемейтін 25 жасар жігіт ұсталды. Пәтерінен GSM-шлюзі, көптеген ұялы телефондар, модемдер, роутерлер, 4800-ден астам пайдаланылған және жаңа SIM-карталары, ақша аудару бойынша квитанциялар, антенналар, ноутбуктер мен микросхеамалар табылған.
Құқықбұзушылық белгілері ҚР ҚК 205 бабы 1 тармағы бойынша соталды тергеу жұмыстары басталды.
Следующая →